Биыл мектеп бітірген түлектердің 4 пайызы «Алтын белгі» иегері атанды

282

0

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Биыл 7 420 түлек «Алтын белгі» алды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінен хабарланды. 2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады.

Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды. Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды. Еске сала кетейік, біз бұған дейін ҰБТ-ға шпаргалка, смартфон алып кірген 219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын хабарлаған едік.

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74% — қазақ тілінде, 26% — орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балл — 68 балл.

Ең жоғары балл — 138. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<