Биыл ораза қашан басталатыны белгілі болды

8

0

Фото: politico.kz

Мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес, ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Рамазанның аяқталуына арнайы дастархан жайылып тойланатын тағы бір діни мереке – Ораза айт 20 наурызға дөп келіп тұр.

Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа – 26 мамыр.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін», – деп ескертті басқармадағылар.

Сонымен қатар мұсылмандар үшін қасиетті түндер – Миғраж түні қаңтардың 15-інен 16-сына қарағанда, Бараат түні ақпанның 2-сінен 3-іне қарағанда аталады. Ал Мәуліт айы 25 тамызда кіреді.