Биыл қандастарға 490 білім гранты бөлінді

719

0

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл мемлекеттік білім гранттары қалай бөлінетіндігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс көлемі – 88 204 грант, бакалавриат үшін – 73 061 грант. Дайындық бағыттары бойынша: педагогика – 15 923, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615, әлеуметтік ғылымдар – 960, бизнес, басқару және құқық – 1 223, жаратылыстану ғылымдары – 7 388, ақпараттық-коммуникациялық ғылымдар – 12 037, инженерлік – 21 675, ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 345, қызметтер – 2 200, ветеринария – 975. Шетелдік азаматтардың халықаралық қатынастар бойынша білім алуына – 365 грант. Қос диплом білім беру бағдарламасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім ұйымдарында студенттердің оқуына – 1 500 грант. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалына – 125 грант. Шетелдік ЖОО-лар филиалдарына – 200 грант», – делінген министрліктің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, «Назарбаев Университетіне» шетел азаматтарын қоса алғанда 1 1 92 грант, ЖОО-лардың дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына – 1 750 грант, «Назарбаев Университетінің» дайындық бөлімшесіне 600 грант бөлініп отыр.

Шетелдік азаматтардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы емес ұлты қазақ қандастарға 490 грант беріледі. Резервте 100 грант бар. «Мәскеу авиация институтының» «Восход» филиалында білім алуға 45 грант бөлінген.

Ал, магистратураға 13 253 грант, докторантураға 1 890 грант бөлініп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<