Биыл Қармақшы ауданында 15 жоба қолға алынбақ

372

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Қармақшы ауданының даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте аудан әкімі Жандос Еркінбек биыл құны 3,6 млрд теңге болатын 15 жобаға қаржы бөлінгенін айтты. Ауданда электр желілерін жаңғырту үшін демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Биыл Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріне 631 млн теңге қаржы қаралды. Жұмыс жақын арада басталады.

Жосалы кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ желісі жеткізіледі. Облыстық бюджет есебінен «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған еді, былтырға жоспарланған 11 шақырымы аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымын жөндеу жалғасады.

Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 9 көше жөнделеді. Атап айтсақ, Ақжар ауылына бір көше салынады, Тұрмағамбет ауылының бір көшесі күрделі, 4 көшесі орташа жөнделеді. Жосалы кентінің бір көшесіне, Төретам кентінің екі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Кентте «Руханият орталығы», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2 мектеп бой көтермек.

Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй салынуда. 2021-2023 жылдары 2,8 млрд теңге қаржы игеріліп, биылға 727,9 млн теңге қаралған. 2022 жылы Ақай елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, бүгінде жұмыс аяқталуға жақын.

Өткен жылы Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы бастау алған, биылғы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда.

Төретам кенті мен Ақай елді мекенін газдандырудың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Ақай ауылы толығымен қосылды. Ал, Төретам кентінде жұмыстар бітуге таяды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<