Қазақстанда сусабын өндірісі 79,6% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 152,7 тонна сусабын, шашқа арналған бұйралау не сәндеу құралы өндірілген.
Осылайша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 79,6% болды.
Дегенмен импортталатын өнімнің үлес салмағы әлі де басым, шашқа арналған өнімдердің 97,5 пайызы шетелден импортталады.
Бірінші тоқсанда 6 мың тоннадан астам сусабын мен шашты сәндеуге немесе бұйралауға арналған құрал импортталған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<