Биыл салынған құрылыстың 92 пайызы — тұрғын үйлер

407

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

2024 жылдың 4 айында орындалған құрылыс жұмысының жалпы көлемі 1,2 трлн теңге болды, бұл былтырғы жылдың тиісті көрсеткішінен 12,2% артық.

Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. Орындалған мердігерлік жұмыстардың ішінде құрылыстың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес тұрғын емес ғимараттар құрылысына тиесілі — 24,3%.

Бұдан кейін тұрғын үй құрылысы — 14,9%. Үштікке автомобиль жолдарының құрылысы да кіреді — бұл жұмыс түрлерінің үлес салмағы 10,9%.

Өңірлер бөлінісінде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) ең көп көлемі Атырау облысына тиесілі — 268 млрд теңге, алайда бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,3% кем.

Сондай-ақ орындалған жұмыс көлемі бойынша Астана (127,4 млрд теңге) және Алматы (118,7 млрд теңге) қалалары көш бастап тұр.2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында пайдалануға берілген нысандар саны — 9 597.

Оның ішінде 92% — тұрғын үйлер, 2% — сауда объектілері, 1% — кеңселер, 4% — объектінің өзге түрлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<