Биыл тағы 2 спутниктік интернет операторы жұмысын бастайды

19

0

Фото: freepik

Биыл шетелдік 2 спутниктік интернет операторы елімізде өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. Қазір Қазақстанда 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. Таяу уақытта тағы 2 шетелдік компания пайда болады. Олар бойынша пилоттық сынақты осы жылы өткізу жоспарланған. Сонымен қатар биыл Қазақстан темір жолы пойыздары мен Air Astana ұшақтарында спутниктің интернет іске қосылады. Әкімдіктер интернет жоқ жерлерде, туристік және жету қиын локацияларда жергілікті бюджет қаражаты есебінен спутниктік интернетпен қамтамасыз етуі қажет, – деді Жаслан Мадиев.

Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа мен Азия арасында стратегиялық орынға ие әрі халықаралық интернет-трафигінің транзитінде маңызды рөл атқарады. 

Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Әзербайжан Республикасына дейін Каспий теңізінің табанымен талшықты кабель салу басталды. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, – деді вице-премьер.

Бұған дейін алдағы екі жылда 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілетінін жазған едік.