Биылғы көктем мен жазда күн райы қандай болады – Қазгидромет болжамы

482

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

«Қазгидромет» РМК-сы 2024 жылдың көктем және жаз айларындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлады Қазақпарат.

Сәуір және мамыр айларында ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы бір айдағы нормадан 1 жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері сәуір айында республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп. Еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде – норма шамасында, мамырда жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде климаттық норма шамасында болжанады.

Көктемгі ауа райында тосынсыйлар болуы мүмкін, өйткені өтпелі маусымдықта синоптикалық процестер өте құбылмалы болып тұр. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін циклондардың әсерінен жауын-шашын болады: түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады, ал оңтүстік аймақтарда суық ауа массаларының енуінің салдарынан үсік болуы мүмкін.

Маусым айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 жоғары, яғни әдеттегіден ыстық, елдің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.

Шілде, тамыз айларында Қазақстанда ауаның орташа айлық температурасы норма шамасында, тек тамызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 жоғары болады.

Егер жаздың басында маусым айында алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз болса, шілде және тамыз айларында ҚР көптеген облыстарында жауын – шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, шілде айында елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, ал тамызда елдің орталығында, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады.

Маусымдық ауа райы болжамы ауа температурасы мен жауын-шашын бойынша орташа алынған метеорологиялық көрсеткіштердің, қарастырылып отырған маусымдағы климаттық нормадан ауытқу (аномалия) ретінде көрсетілген сипаттамасы; оны консультативті ретінде пайдаланылуы тиіс, ол қысқа мерзімдіқ (тоқсандық маусымдық болжам, ай, онкүндік, апта және күн) болжамдармен нақтыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<