Биылғы оқу жылында рекорд болды

935

0

Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, бүгін соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған.

– Бұл – кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш. Оқушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 511 649, Алматы облысында – 453 199 және Алматыда – 314 683. Ең азы – СҚО-да, онда 75 171 оқушы, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.

– Жалпы білім беретін мектептер саны, керісінше, жыл сайын қысқарып жатыр. Биыл 7 550 орта мектеп оқушы қабылдаса, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 7 790 болған еді. Оған себеп – ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы, – делінген статистика бюросы мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<