Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына пітір садақа мөлшерін бекітті.
Tengrinews.kz хабарлағандай, биыл садақа мөлшері өзгермейді, яғни 300 теңге болады. Ислам қағидасына сай әрбір мұсылман өзі үшін, балалары үшін және қарамағындағылар үшін пітір беруі парыз. Басылым мәліметінше, өткен жылы да пітір садақа мөлшері 300 теңге болған. Пітір садақаны Рамазан айы аяқталғанға дейін беруге болады. Садақаның мөлшері ұн бағасымен бірге есептелінеді. Қасиетті Рамазан айы биыл 16 мамырда басталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<