Қызылорда облысында «Біз өмірді қалаймыз!» тақырыбында үгіт-насихат бригадалары арасында есірткіге қарсы сайыс өткізілді.
Іс-шараны Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Қазылар алқасында полиция қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахналық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар бір минутқа дейінгі бейнеқойылымдар арқылы нашақорлықтың алдын алу тақырыбын ашты: үгіт жарнамалары, театрландырылған көріністер, ән мен би арқылы маңызды идеялар жеткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- І орын: Қазалы ауданы №225 орта мектеп, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданы №41 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №184 орта мектеп, Қазалы ауданы №266 мектеп-лицей.
- ІІ орын: Арал ауданы №292 орта мектеп, Қармақшы ауданы №26 орта мектеп, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицей, №126 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №239 орта мектеп.
- ІІІ орын: Жалағаш ауданы №34 орта мектеп, Сырдария ауданы №210, 131, 174 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №247 орта мектеп.
Аталған сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастырудың маңызды алаңына айналды.






