БҮЛДІРШІНДЕР АЛТЫН КҮЗДІ ТОЙЛАДЫ

749

0

 БҮЛДІРШІНДЕР АЛТЫН КҮЗДІ ТОЙЛАДЫ Шиелі ауданы Тартоғай ауылында жаңадан 90 орындықты  «Құлагер» бөбекжай-бақшасы» бой көтерген болатын. Кеше «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері жаңа ғимаратта Алтын күз мерексін атап өтті.
Шара барысында балақайлар көрініс қойып, үш тілде тақпақ айтты. Психолог ата- аналармен балалар арасында тренинг өткізді. Ата-аналар күзгі өнімдерден шағын көрме ұйымдастырды. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар комитетінің төрайымы Сұлухан Шайымбетова,  бөбекжай-бақша меңгерушісі Гүлшаһар Қуанышбаева бүлдіршіндерге жылы лебіздерін арнады. Шара соңы бүлдіршіндердің концертіне ұласты.

Перизат ШӘБЕНОВА, 
тәрбиеші