Халық көп шоғырланатын орындардың бірі «Атамекен» сауда орталығында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында кезекті тегін құқықтық кеңес беру іс-шарасын ұйымдастырды.
Оған ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұржан Сәбит, аймақтық инспектор, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының қызметкері Айдос Көптілеуов, «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің» аймақтық филиалының менеджері Мырзайым Махатаева, Қауымдастық заңгері мен «Атамекен» сауда орталығының қызметкерлері қатысты. Мақсаты – тұрғындарға оларды толғандырған сұрақтар бойынша құқықтық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат беру.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<