Білім беру саласы цифландыруға көшті

209

0

Өңірде 46 инновациялық мектептер желісі құрылып, ғылыми-инновациялық, математикалық жобалау және робототехника бағыттары дамуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
– Облыста барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылып, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жасауда. Шағын жинақталған мектептер оқуға қажетті «BilimBook» кешендерімен толық қамтамасыз етілген. Аймақ мектептерінің 60%-ы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе, компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Мектептерде «STEM» бағдарламалары енгізіліп 43% робототехника кабинеттерімен жабдықталды,-деді Майра Тұрғанбайқызы.
Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі, биылғы оқу жылында Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-интернаты құрылды. Ендігі міндет – түлектердің әлемнің ең үздік оқу орындарынына түсуге жағдай жасау. Ауыл мен қала мектептері арасындағы сапа айырмасын болдырмау. Бұл мақсатта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<