Білім ордасында өткен семинар

227

0

Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді. Бұл орайда тұрғындарды, әсіресе, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстануға шақырудың, аурудың алдын алудың маңызы зор. Облыс орталығындағы ірі емдеу, алдын алу мекемесінің бірі – №3 қалалық емханасы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен бірлесіп білім беру ұйымдары арасында түрлі семинарлар ұйымдастыруда. Сондай шараның бірі  №9 ер балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей -интернатында өтті.
Шара барысында мамандар жасөспірімдерге бала құқығы, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, короновирустан сақтану жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу және қатерлі ісіктің алдын-алу туралы кеңінен ақпараттандырып,  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<