Бокс: Дана Оразбекқызы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

453

0

Фото: Сыр спорты

Иордания елінен ақжолтай жаңалық! Иордания астанасы Амман қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы (U-15) алғашқы Азия чемпионатында 37 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Дана Оразбекқызы жартылай финалда индиялық боксшымен қолғап түйістіріп, қола жүлдені қанжығаға байлады.

Байрақты бәсекеде жүлдегер атанған жерлесіміз Дананың айтулы жетістігі — күллі қазақ елінің, соның ішінде Сыр өңірінің мерейін өсіріп, жеңісті жолды жалғады.

Мақтанышымызды жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы