Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли Төлтаев сынға түседі

921

0

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 мамырда қазақстандық екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді.

Олардың жекпе-жегі Б рингінде оныншы болып тіркелген.

Ал кешкі сессия елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Бұл сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен А рингінде он үшінші жұпта сынға түседі.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасында 3 мамырда Талғат Сырымбетов (60 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал Айбек Оралбай (92 келі) және Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<