
Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдаулетов 81 келі салмақта былтыр чемпион атанды. Сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті өткізетін «Алтын Самғау 2019» сыйлығында ол өткен жылғы ең үздік спортшы деп танылды.
Боксшылар арасында Данияр Елеусінов, Елдос Сметов және Василий Левит Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы командасының аға спорт инспекторлары және лейтенант атағын алған.
Айта кетейік, Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді.