Қарағанды қаласында спорт саласына еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан ерлер және әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің барлық облысынан 20 команда, 195 спортшы қатысты.
Дүбірлі додаға Сыр елінің атынан барған спортшымыз Ақбота Болат 48 кг салмақ дәрежесінде шаршы алаңда өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жаттықтырушысы: ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев. Спортшымызды жүлделі орнымен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<