«Болашақ экспонат» жобасы

250

0

«Болашақ экспонат» жобасы «Жастар жылы» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауы бойынша облыстық тарихи-өлкетану музейі мектеп оқушылары арасында «Болашақ экспонат» жобасын ұйымдастырды.

Байқау шарттары бойынша, жеңімпаздар ашық дауыспен анықталады. Сонымен қатар  әр тоқсан сайын жүлдегерлер жарияланады.

Музей экспонаттары көмегімен тарихи кезеңдерді толық зерттеп, заттай деректермен көрсетіп, әр экспонатты сөйлету арқылы білім мен тәрбиені жастарға егіз беру – басты міндет. «Болашақ экспонат» жобасы өскелең ұрпақты музейге тарту, тұлғаның шығармашылық дамуын жүзеге асыруды көздейді.  

І тоқсан нәтижесі бойынша ІІІ орынды  Н.Ахмадеева атындағы №112 мектептің оқушысы Н.Ерғазиева, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің оқушысы, Н.Ділдәбекова және №2 «Мұрагер» мектебінің оқушысы Д. Райымбекова иеленсе, ІІ орын Н.Ахмадеева атындағы №112 мектептің оқушысы Н. Әуезхан мен №2 «Мұрагер» мектебінің оқушысы Б.Тәңірбергенге бұйырды. Жүлделі І орын М.Сужиков атындағы №6 мектептің оқушысы А.Әлішева қанжығасына байлады.

 

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<