Болашақ мамандарға бағдар

29

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл бастама қоғамның еңбек адамына құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын қайта бағалауға үлкен серпін береді.

Алдағы уақытта әлемдегі еңбек нарығы өзгерістерге ұшы­рап, жаңа талаптар туын­дайды. Цифрландыру мен ав­томаттандыру жүйесінің дамуы көптеген салада адам ең­бегін алмастыратын жаңа тех­нологиялар мен жүйе­лер­ге жол ашады. Бірақ бұл өзге­рістердің арасында жұмыс­шы мамандықтардың маңызы артады.

Атаулы жыл аясында жуырда Қазалы аграрлы-техни­ка­лық колледжі «Ветери­нария» мамандығының студент­тері үшін өңіріміздегі іргелі кәсіп­орын – «РЗА-Асыл түлік» ЖШС ба­засында ашық есік күні ұйым­дас­тырылды. Шара­ның бас­ты мақсаты – болашақ жас ма­ман­дарға өз мамандық­тары­ның ма­ңызын түсіндіріп, тео­рия­лық бі­лімдерін нақты өнді­ріс­тік жағ­дайда қолдана білуін қамта­ма­сыз ету. Сондай-ақ кәсіби дағ­ды қалыптастыру, жұмысшы ма­ман­дығының беделін арттыру.

Қазалы аграрлы-техни­ка­лық колледжі өз студенттерін дәл осы өзгерістерге бейімдей отырып, олардың заманауи техникалық дағдылар мен прак­тикалық тә­жірибені мең­ге­­руіне жағдай жа­сайды. Бі­лім орны жұмысшы ма­ман­дық­тарға жаңаша көзқарас қа­лып­тастыруда жетекші роль­ге ие. Колледж осы орайда бірнеше бағытта жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде материалдық-тех­никалық базасы қалыптасқан. Оқу шеберханалары мен зертханалар жаңа құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етілген. Бұл білім алу­шылардың тәжірибелік дағ­ды­ларын дамытуға мүмкіндік бе­реді. Жұмыс берушілермен әріп­тестік орнаған. Аймақтағы же­текші компаниялармен ты­ғыз байланыс арқылы студенттер сонда өндірістік тәжі­рибеден өте­ді, бұл оларды жұ­мыспен қам­туға көмек­те­седі. Түлектерді қол­дауға жіті кө­ңіл бөлінеді. Кол­ледж­ден тү­леп шыққан маман­дардың жұм­ысқа орналасу көрсет­кіші жоғары. Осылайша олар­дың мансап жолындағы сәт­ті қа­дамына барынша жағ­дай жа­салған.

Өндіріс орнында студент­тер кәсіби тәжірибе жинақтап, оқу барысында алынған білімді прак­тикада қолдана білді. Ма­ман­дық ерекшеліктерін терең тү­сініп, нақты жұмыс орнында кәсіби мін­деттерді орындау арқылы ма­мандықтың қыр-сырын үй­ренді. Жұмыс дағ­­ды­ларын қа­лып­тастыру арқы­лы ұйымдас­ты­ру­шылық, ком­муникативтік жә­не техни­калық дағдыларды да­мытуға мүмкіндік алды.

Іс-шараны ұйымдас­тыру­дағы тағы бір мақсат – жауап­кершілік пен дербестікті арттыру, яғни тапсырмаларды өз бетінше орын­дау және шешім қабылдау қабі­летін дамыту. Болашақ еңбек қызметіне бейімделу кәсіби ор­­тадағы қа­рым-қатынас пен эти­­каны меңгеруге мүмкіндік береді.

«СБ» ақпарат