Болашақ пойыз жүргізушілері елордада білім ала алады

221

0

Фото: gov.kz

Еліміздің оңтүстігіне пойыз жүргізушілерін елордада даярлайтын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік өңірдің локомотив бригадаларының кәсіби деңгейін көтеру және құзыреттерін кеңейту үшін елордалық оқу орталығында болашақ машинистерді даярлап, олардың біліктілігін арттыратын болады. Бұл мамандардың жұмысына жоғары талаптар қойылады, сондықтан локомотив бригадаларын оқыту міндетті және үздіксіз процесс болып табылады.

Астана оқу орталығында локомотив кабинасының толық ауқымды тренажер-симуляторларын қоса алғанда, заманауи білім беру технологиялары қолданылады, бұл практикалық оқытуды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасына дәрістер мен практикалық сабақтар курсы кіреді. Сабақты локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинист-нұсқаушылары өткізеді.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларының оқу орталықтарында машинистерді даярлайды және олардың біліктілігін арттырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<