Бомба бар: Сауда орталығынан 460 адам эвакуацияланды

495

0

Фото: Pixabay

Қаладағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына саперлар мен өрт сөндірушілер келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғимараттан келушілер мен қызметкерлер, барлығы 460-қа жуық адам эвакуацияланды.

«Сағат 14.09-да «Batyrmall» СОСО ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 9 техника мен жеке құрамнан 31 адам шықты. Эвакуациялауды сауда орталығы мен 102 қызметкерлері жүргізді», деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылған ер адам өз қателігінен сабақ алмай, бомба туралы айтып, қайта қоңырау шалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Ғимараттан жарылғыш зат табылған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<