Боран соғып, қар жауады: Синоптиктер ауа райы болжамын айтты

292

0

Қазгидрометте 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш күнде Қазақстанның ауа-райында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді деп хабарлайды. Бұрынғыдай, республика аумағы Скандинавия мен Ресейдің солтүстік облыстары арқылы өтетін атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың әсер ету аймағында болады.

Көптеген аудандарда қар жауады, бұрқасын болады, қатты жел соғады, солтүстік аймақтарда желдің екпіні секундына 30 метрден асады, тұман мен көктайғақ болады. Ауа температурасы ұзақ мерзімді орташа деңгейден 5 … 8, солтүстік аймақтарда 8 … 13 градусқа дейін сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<