Бос орындар жәмеңкесі өтті

221

0

30 мамырда А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысы ҚАЖД пробация қызметі, Қызылорда қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып жұмыспен қамту үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.

Пробация қызметінің  есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.  Жәрмеңкеге  60-қа жуық жұмыс беруші мекемелерден  200 Әсіресе, газ электр дәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы мамандықтарына сұраныстар болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған  15 азаматқа бос жұмыс орнына  жолдама берілді.

Д.Сайдильдинов,

Қызылорда қалалық пробация қызметінің

аға инспекторы, әділет капитаны