«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі – жұмыссыз азаматтарға үлкен мүмкіндік

313

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында 7 203 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. Ал, өңірдегі жұмыссыз азаматтардың санын өсірмеудің бірден-бір тиімді жолы «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастыру болып отыр. Аталған шара ай сайын өткізіледі.

Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтардың жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасуына мүмкіндік береді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі көшпелі брифинг ұйымдастырып, «Мансап» орталығында «Мүмкіндіктер алаңы» деген атаумен өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

– Бүгін «Қызылорда қалалық Мансап орталығы» филиалы, «Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы», «Қызылорда қаласының прокуратурасы» және «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығымен» бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Жыл басынан бері 4 рет бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, 67 мекемеден 501 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, бүгінгі іс-шарада 32 мекемеден 231 бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Жәрмеңкеге медицина саласы бойынша дәрігер-педиатор, стоматолог және медбике мамандықтарына, білім саласы бойынша жеке оқу және одан бөлек, аспаз, тігінші, жүргізуші мамандықтарына да сұраныс түсті. Өткен жылы «Ұлттық жоба» шеңберінде 1 625 азамат жұмыспен қамтылса, биыл сол жоба аясында 1 238 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр, – деді Қызылорда қаласы «Мансап» орталығы филиалының директоры Жақсылық Төлегенов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<