Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

7

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Руханият орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов қатысып, ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамту бағытындағы мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.

Жұмыссыздықты азайту мақсатында өткен жәрмеңкеде 14 жұмыс беруші тарапынан 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде «Харвест Агро» компаниясы 87 тұрақты және маусымдық жұмыс орнын ұсынды.

Нәтижесінде жәрмеңке барысында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қалған қатысушылар жұмыс берушілермен кездесіп, кеңес алып, түйіндемелерін жолдады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі