Босанғаннан кейінгі күтім

702

0

Фото: ашық дереккөз

Баланың орны (бала жолдасы) туған мезеттен бастап, босанудан кейінгі кезең басталады, ол шамамен 6-8 аптаға созылады. Осы уақыт аралығында жүктілікпен босануга байланысты барлық үрдістер кері дамиды (инволюция). Өзгерістер барлық ішкі жүйелерде болады, босанғаннан кейін сүт бездерінің функциясы ғана дамиды.

Репродуктивті жүйеде, әсіресе жатырда маңызды өзгерістер байқалады. Бұлшық еттердің жиырылуынан жатыр көлемі кішірейеді. Босанғаннан кейін 6-8 апта өткенде жатыр өз қалпына келеді.

Плацента мен бала орны туған сон, жатырдың кілегейлік беті жара болады. Жатыр жазылу барысында лохиялар білінеді.Олардың түрі өзгеріп отырады. Бірінші күндері қанды болса, келесі күндері серозды сұйық, 10 тәулік асқан сон қансыз сұйык болады. Бірте-бірте лохиялар саны азаяды, босанғаннан кейінгі 5-6 аптада қан тоқтайды.

Жүктілік кезінде сүт бездерінде сүт болу үшін, өзгерістер жүреді. Жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі бірінші күндері уыз бөлінеді.Уыздын құрамында- нәруыз, майлар, тұздар, ферменттер, көмірсулар, антиденелер т.б.болады. Босанғаннан кейінгі 3-4 тәулікте сүт пайда болады.Сүттің құрамы уыздан баскаша, ол 88% судан 1,5-2% нәруыздан, 3,5-4% майлардан, 7% көмірсудан тұрады. Сүт бездерінің ісінуі босанушының жалпы күйінін өзгеруіне әкелу мүмкін.

Босанғаннан кейін туу кезіңдегі психо-эмоционалды, физикалык күш түсумен байланысты, шаршау, ұйқы қысу болады.

Қазір босанудан соң белсенді режим қолданады. Ол дегеніміз, туғаннан кейін 2 сағат өткен соң орнынан тұру, гигиеналық процедураларды өз бетімен кабылдау. Дені сау босанушыға арнайы диета сақтау міндетті емес.Бірінші тәулікте сұйык тағам, кейін күнделікті тамақтануына болады. Бірақ консервілер, шарап, дәмдеуіштер қабылдауға тиым салынады.

Облыстық перинаталды орталықтың 1-ші санатты акушері Еңсепбаева Айгерім Қуантқанқызы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<