Бостандыққа шыққан Әбдіжаппар Әлқожа теміржолда өрт қойды (ВИДЕО)

117

0

Фото: видеодан скриншот

Тәртіп бұзып 10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялады. Жүктелген видеодан өнер иесі киімін өртеп жатқанын байқауға болады, деп жазады Ozgeris.info.

Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыланған видеосын Instagram-дағы парақшасына салған. Онда темір жол бойында отырған әншінің киімін өртеп жатқанын көруге болады.

«Күйін кештім мен бүгін!

Көкбөрілердің жаралы.

Адым сайын аңдыған

Қақпаннан сирақ қанады.

Арландарым атылып

Бөртелер кезді даланы,

Айналамның барлығы

Шибөрі болып барады.

Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың», — деген жазба қалдырды өнер иесі.

Айта кетерлігі, видеода әншінің өртеп жатқан киімі оның ұсталған сәтіндегі киіміне ұқсайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<