Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас Алакөлде қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

619

0

Қайрат Нұртас анасымен. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Жақында ғана жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас әлеуметтік желіге оралды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, оқырмандарына Алакөлдегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан бойда інісінің дүкенінің ашылуына барып, тыңдармандарымен қайта қауышқан болатын. Мерекелік шара аяқталған соң өнер иесі отбасымен бірге демалып қайтуды шешкен. Жұлдызды жанұя Алакөлге аттанып, бүгінде ерекше уақыт өткізуде. Қайрат Нұртас абақтыдан шыққан кейін алғаш рет желіде видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Бейнежазбада әншінің жағалауда тұрғаны мен анасымен гидроскутермен келе жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. 20 шілдеде әртістің бостандыққа шыққаны белгілі болды. Желіде Қайрат Нұртастың абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<