ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», – деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.
«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол – тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», – деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.





