Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы

312

0

 Қызылорда қаласындағы Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Мерекелік жиынға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, тарих ғылымдарының кандидаты Уалихан Ибраев, мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.

Шарада сөз алған Е.Уәйіс Тәуелсіз Қа­зақстанды қалыптастырудағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтіп, өмір жолдарының ең айшықты тұстарына тоқталды. Ал У.Ибраев тәуелсіздік жылдарындағы сын-қатерлерді айта келіп, оны еңсерудегі Елбасының сарабдал саясатын түсіндірді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары «Нұрсұлтанның балалық шағы, отбасы» және «Н.Назарбаевтың шыңдалу кезеңі, еңбек жолы» тақырыптарында баяндамалар оқып, танымдық бейнероликтер көрсетілді. «Елбасыға арнау», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» әндері шырқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<