Бір шабадан киік мүйізін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

184

0

Оралдық шекарашылар 200 млн теңге шамасындағы контрабанданың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат «Орал – Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шабаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйізін алып өтпек болған», делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, контрабандалық киік мүйізінің жалпы құны 196,9 млн теңге деп есептелінген.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<