Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті

209

0

Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Статистика комитетіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар – 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауылдықтар – 7 737,1 мың адамды (42,2 пайыз). «2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) тіркелді», – деді комитеттегілер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<