Бір жылда Telegram-бот арқылы жарты миллион қызмет көрсетілген

205

0

Смартфондағы Тelegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қолжетімді еткен @egovkzbot қызметіне бір жыл толды. Осы мерзім аралығында аталмыш бот көмегімен 534 мың қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлі мемлекеттік қызмет пен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Жиі сұралатын анықтамалардың ішінде мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, психиатриялық, наркологиялық диспансердің анықтамалары бар. Бұған қоса, кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйінде тіркелгендердің тізімін қарай алады. @Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрігердің қабылдауына жазылып, борышкерлер тізімінде бар-жоғын тексеріп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.  @Egovkzbot-ты қолдану үшін азаматтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Бұл үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Айта кетейік, бір жыл ішінде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердің саны 320 мыңнан асты.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<