ҚР-ның ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 01 – 29 ақпан аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мақсаты: табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды,биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады. Іс-шара кезінде аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен түрлі рейдтік шаралар жүргізіліп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамасы толтыратыны ескертіледі.
Айта кететін бір жайт, ішкі істер органдарында тіркелген қаруы бар бола тұра, аталған тұлғалар өз қаруларымен аң аулауға рұқсат қағаздары жоқ күйінде далалық жерлерге шығып жүрген жерінен ұсталып, табиғатқа оның ішінде жабайы аңдарды аулап зиян келтіргендігі анықталмаса да, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабында көзделген, заң талаптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске саламыз. Аңшының өзімен бірге тиісті жылға мемлекеттік баж төленгенін растайтын куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы және аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<