![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-12/medium/1577364260_191226172821013e.jpg)
«2019 жылдың 25 желтоқсанында рейд барысында Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары қармақшы ауданының аумағында УАЗ маркалы көлікті тоқтатып, оның ішінде адамдардың 1 тонна 153 келі балықтың заңсыз әкетіп бара жатқанын анықтады», – деп жазады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында .
Табиғат қорғаушылар браконьерлерді Қармақшы ауданының полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<