Бразилияның оңтүстігіндегі Грамадо қаласында, Рио-Гранди-ду-Сул штатында жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады. Бортта болғандардан ешкім тірі қалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке ұшақтың бортында Сан-Паулулық кәсіпкер Луис Клаудио Салгейро Галеацци болған.
Галеацци ұшақты өзі басқарған. Жолаушылар арасында оның әйелі, күйеу баласы, енесі және үш баласы, сондай-ақ кәсіпкердің екі баласы бар әпкесі болған. Ұшақ жиһаз дүкеніне соғылды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға орнында болған 14 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, жанармайдың жарылу қаупі сақталады.
Еске салайық, тамызда Бразилияның Сан-Паулу қаласында жолаушылар ұшағы тұрғын үйлердің үстіне құлады. Ұшақта 62 адам болған, олардың барлығы қаза тапты. Кейін Бразилияда апатқа ұшырап, 62 адамның өмірін қиған ұшқыштардың бірі қазақстандық әуе компаниясының бұрынғы қызметкері екені белгілі болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<