Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) биыл Ресейде өтетін Әлем чемпионатында жеңіске жетсе, әрбір футболшыға 1 млн доллар мөлшерінде сыйақы беруге уәде етіп отыр, деп жазады Бразилияның Folha de S.Paulo газеті.
Бразилия ұлттық құрамасы бапкерлер штабының да әрбір мүшесіне осынша сыйақы беріледі.
Әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен құрамалар мұндай соманы бұрын-соңды көрген емес. 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде чемпион болған әйгілі құраманың әрбір ойыншысына бұдан бес есе аз сыйақы төленген болатын.
CBF 2014 жылы өз алаңдарында өткен мундиальдағы жеңіс үшін ойыншылар мен бапкерлерге жалпы 35 млн доллар уәде еткен. Алайда жартылай финалда Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия құрамасы қола медаль үшін ойында Голландияға да жол берген (0:3) болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<