2016 жылы Мишел Темер ел президенті болып сайланғаннан кейін мұражайға тиесілі бюджет күрт қысқартылғандықтан, жөндеу жұмысына қаражат бөлінбеген екен. Естеріңізге салайық, өртенген мұражай ішінде 20 миллионға жуық экспонаттар, оның ішінде археологиялық мәдени мұра, Мысыр және Оңтүстік Американың мумиялары мен басқа да жинақтамалар болған. 19 ғасырда бой көтерген бұл ғимарат елдің ең көне тарихи мұражайы еді. Үкімет басшысы шығынның көлемін есептеу мүмкін емес екенін айтты. Абырой болғанда, тілсіз жаудан жапа шеккендер болған жоқ. Өрт басталған кезде мұражай ішінде болған күзетшілер дереу сыртқа шығып үлгерген екен.
Ұлттық мұражайда болған өрттің себебі анықталды
03.09.2018
287
0





