«Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сәйкес Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмынының мектеп оқушысы, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Алтангадас» («Темірқазық жұлдызы». Сөзбе сөз «Алтын жұлдыз» деп аударылады – авт) орденімен марапатталды», – делінген хабарламада. Еске сала кетсек, бүркітші Айшолпан Нұрғайып «The Eagle Huntress» атты өзі туралы деректі фильмнен кейін әлемге танылды. Оған саундтректі атақты әнші Sia жазды. Сондай-ақ, Айшолпан Нұрғайыпқызына жас шағында гендерлік тосқауылды еңсергені үшін Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы берілген болатын.
Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды
28.12.2018
636
0





