Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің солтүстігінің кей жерлерінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, жауын. бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысып, өрт қаупі туындауы мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<