Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 тамыз күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36°С аптап ыстық күтіледі.
1 тамызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады.
1 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде – 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні – 15-20 м/с.





