Біртанов дәрігерлердің жалақы туралы шағымдарына жауап берді

383

0

Біртанов дәрігерлердің жалақы туралы шағымдарына жауап берді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жас мұғалімдердің жалақысының аз болуына қатысты шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Біртанов бірнеше орынбасары бар бас дәрігерлердің біріне оларды қысқартып, тек біреуін қалдыруға кеңес берді. Айтуынша, осылайша жас маманның жалақысын көтеруге болады.

«Сіз менеджер ретінде заңнаманы біліп, ішкі резервтерді бақылап отыруыңыз қажет. Мен кәсіпкерлікті дамыту жоспарын беруді сұрадым. Резервтер тауып, оларды қалай ретке келтіруге болатындығын қарастырамын. Сіздің қанша орынбасарыңыз бар? Үшеу? Бас дәрігерге үш орынбасардың қажеті не? Бұл орынбасарлардың тәжірибесі мол екені айтпаса да түсінікті. Осыған орай, жас мамандарға қарағанда жалақылары да жоғары. Меніңше, бір орынбасар жеткілікті. Біз мұны мемлекет деңгейінде қарастыратын боламыз. Әрине, аурухана үлкен олса, орынбасарлардың көп болуы орынды. Бірақ, біздің министрліктің өзінде екі орынбасар ғана жұмыс істейді», – дейді Біртанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<