Бірыңғай оқу сағаты

349

0

Бірыңғай оқу сағаты Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердің және мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен  «Жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың жиырма жылдығы» тақырыбында біріңғай оқу сағаты өткізілді.
 Аталған шараға департамент қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті.

А.Сәлімжан,
облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<