«Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Тереңөзек кентінде «Батырлар жолы» тақырыбындағы кездесу өткізілді. Шараны өткізуге мұрындық болған – «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Аталған шара жастармен байланыс орнату, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткізілді. Шара барысында Ресей елінде ашық чемпионатта көгалдағы хоккей спорт түрінен жүлделі І орынды иеленген жерлесіміз Шыңғыс Сейтқалиев жастарға спорттағы белестерін айтып, бағыт-бағдар берді.





