ҰБТ – 2018: Жоғары балды алматылық түлек жинады

295

0

ҰБТ – 2018: Жоғары балды алматылық түлек жинады Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесі бойынша жоғары 139 балды алматылық түлек жинады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты

«Алматылық түлек Дәулет Хамзин ҰБТ-дан жоғары 139 балды жинады. Ол емтиханды Нархоз университетінде тапсырған. Әлі ешкім ең жоғары 140 балды алған жоқ. Түлектер әлі 5 күн ҰБТ тапсырады. Біз қазақстандық оқушылар 140 балл алады деп үміттеніп отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, үш күннің қорытындысына сәйкес, 8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<