ҰБТ-ның алғашқы сынағы өтті

342

0

Елімізде 2020 жылдың алғашқы ақылы ҰБТ-сы басталды. Нақтырақ айтсақ, 18-20 қаңтар аралығында өткен  білім сынағына елімізде 95 мыңнан астам талапкер қатысқан. 
Оның ішінде облыстан 4 937 оқушы бақ сынады. Айта кетейік, сынақ бұрынғыша 5 пән бойынша тапсырылды. Олар: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы міндетті, қалған екеуі таңдау пәні.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ға түсу үшін міндетті түрде 60 балл алу керек. Медициналық мамандықтар 65 балды құрайды. Басқа оқу орындарына 50 балл. Ұлттық ЖОО-ларға 65 балл – шекті ұпай.
 Сонымен, биылғы ҰБТ-ның алғашқы сынағы өтті, алда үш сынақ бар. Ол наурыз, маусым және тамыз айларына жоспарланған. Оның ішінде маусым айындағы нәтижемен мемлекеттік білім беру грантына қатысады. Ал қалғандары ақылы негіздегі оқуға түсу үшін ғана жарамды. ҰБТ-ның жалпы нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

      «СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<