Бүгін 12 аймақта 42 градусқа дейін ыстық болады

611

0

Сурет ашық дереккөзден

Қазгидромет ел аймақтарында 26 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста тұман болады.

«Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-42°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық – 42°С, Түркістан облысының батысында өте қатты ыстық, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында 40-42°С сақталады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталығында, шығысында Қызылорда, батысында, оңтүстігінде Павлодар, оңтүстігінде Ақтөбе, батысында, солтүстігінде Атырау, оңтүстігінде, батысында Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі бар», – деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанайдың оңтүстігінде, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<