7 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сенбіде Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер және Астанада ауаның ластануының қолайсыз метео жағдайы күтіледі.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.





